Президент Қасым - Жомарт Кемелұлы!
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Сізге Қазақстандағы сәбилердің ата-аналары атынан соңғы үмітті қаламның ұшына түйіп хат жазып отырмыз.
Ел басқарған шенеуніктердің сіздің назарыңызға әдемі суреттей етіп сипаттап жүрген «бақытты балалық» бейнесі жалған екенін жанұшыра қаперіңізге жеткізгіміз келеді.
Ол рас, мемлекетімізде көпшілікке үлгі етіп, мемлекеттік арналар арқылы ел-жұртқа танытып, көптеген конференция, симпозиум және дөңгелек үстелдерде оң көрсеткіш ретінде ұсынатындай балғын балалығы бақытқа толы сәбилер баршылық.
Дегенмен бұл санаттан мүлдем бөлек, бақытты балалығын ұрлатып, үрей мен қорқыныш аясында өмір кешіп жатқан, шаттық пен шуақты сәттен ада балақайлар да аз емес.
Дәл осы сәбилер жазғы демалысын ойдағыдай өткізе алмай, еліміздің барлық өңіріндегі көп қабатты үйлердің ауласындағы тар қапаста каникулын өткеруде.
Дәл осы сәбилердің таңдайына тәтті мен балмұздақтың дәмі айына бір мәрте ғана, ата-аналары жалақы алған сәтте ғана тиеді.
Дәл осы балаларға спорттық және дамытушы үйірмелерге қатысу мүмкіндігі бұйырмай, оларды көшенің ықпалы үйіріп әкетіп, қылмыс әлемінен бір шығаратын да жағдайлар жиі кездеседі.
Махаббат пен қамқорлыққа зәру кейбірі адамгершіліктен жұрдай болып қалыптасып, жаңадан туған сәбиін қоқыс жәшігіне лақтыратын деңгейге жеттік!
Дәл осы балалардың ата-анасы нан табамын деп, нәпақа үшін жанын салып жүргенде балалары педофилдер мен арсыздардың құрбанына айналуда!
Мұның бәрі — Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі келбеті. Аянышты кейпі. Мемлекеттік құрылымдар «халықтың әл-ауқатының жақсаруы» және елдегі барлық баланың «бақытты балалығы» ретінде жалаулатып жүрген жағдайынан мүлдем бөлек шынайылық.
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Біз, Қазақстанның халқы, ел Конституциясының кепілі ретінде сізге жанайқайымызды жолдап отырмыз!
Біз балаларымыздың өмірі үшін алаңдаймыз!
Біз, Қазақстандағы балалардың ата-аналары, елде түбегейлі өзгеріс болғанын қалаймыз!
Біз балаларымыздың зорлық-зомбылыққа ұшырағанын және өлім құшқанын қаламаймыз!
Балаларды қорғау жүйесінде түбегейлі реформа жасауды сұраймыз!
Педофилдерді өлім жазасына кесуге тыйым салатын мораторий күшін жойсын!
Өзіне жүктелген жауапты міндетті тиесілі деңгейде орындай алмаған Балалар құқығы бойынша уәкілетті Аружан Саинның орнын босатуын талап етеміз! Ол қызметке тағайындалған сәттен бастап күні бүгінге дейін ақыры өлім-жітімге ұрындырған бірде-бір педофилия дерегіне селт етпеді, жұмған аузын ашпады.
Жанын салып, шын жүрегімен жаны ашитын адам отыратын орында «той генералының» отырғаны елге қажет емес.
Біздің балалардың құқығын, денсаулығы мен өмірін қорғау үшін Қазақстан Республикасының Балалар құқығы бойынша уәкілетті өкілі институтына шынайы құқықтар, өкілеттік пен қадағалау функциясы берілуі тиіс деп санаймыз.
Мемлекет басшысы ретінде жанайқайымызға жауап қатады деп сізге сеніп отырмыз.
Ізгі ниет, зор үмітпен: Қазақстан Республикасының заң талаптарын қатаң сақтанатын азаматтары.
С уважением, нижеподписавшиеся
Петиция Балаларды педофилдерден қорғайық! к Президент Қасым - Жомарт Кемелұлы! была создана и написана Ляззат Ракишева (123lazzat@mail.ru). Эта петиция находится на публичном интернет-сервере www.OnlinePetition.ru. Владельцы службы и спонсоры не связаны с петицией. По техническим и другим вопросам обращайтесь на webmaster@onlinepetition.ru
Балаларды педофилдерден қорғайық!
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Сізге Қазақстандағы сәбилердің ата-аналары атынан соңғы үмітті қаламның ұшына түйіп хат жазып отырмыз.
Ел басқарған шенеуніктердің сіздің назарыңызға әдемі суреттей етіп сипаттап жүрген «бақытты балалық» бейнесі жалған екенін жанұшыра қаперіңізге жеткізгіміз келеді.
Ол рас, мемлекетімізде көпшілікке үлгі етіп, мемлекеттік арналар арқылы ел-жұртқа танытып, көптеген конференция, симпозиум және дөңгелек үстелдерде оң көрсеткіш ретінде ұсынатындай балғын балалығы бақытқа толы сәбилер баршылық.
Дегенмен бұл санаттан мүлдем бөлек, бақытты балалығын ұрлатып, үрей мен қорқыныш аясында өмір кешіп жатқан, шаттық пен шуақты сәттен ада балақайлар да аз емес.
Дәл осы сәбилер жазғы демалысын ойдағыдай өткізе алмай, еліміздің барлық өңіріндегі көп қабатты үйлердің ауласындағы тар қапаста каникулын өткеруде.
Дәл осы сәбилердің таңдайына тәтті мен балмұздақтың дәмі айына бір мәрте ғана, ата-аналары жалақы алған сәт... >>